Топ ашыңыз
Достар тобыңызға ат қойыңыз немесе дайын үлгіден бастаңыз.
Сапар, той, саяжай немесе жай ғана дастарқан. Кім неге төлегенін жазып қоясыз — кім кімге қанша беретінін қосымша өзі есептейді. Ең аз аударыммен.
Достар тобыңызға ат қойыңыз немесе дайын үлгіден бастаңыз.
Сілтемені Telegram-ға салыңыз немесе QR кодты көрсетіңіз.
Сома, кім төледі және кімдер бөліседі — он секундтық іс.
Қосымша кім кімге қанша беретінін ең аз аударыммен көрсетеді.
Мысал: жеті дос саяжайда. Кім неге төлегенін жазасыз — қосымша жалпы соманы бәріне тең бөледі. Көп төлеген алады, аз төлеген береді, бәрі 6 аударыммен жабылады.
Карта нөмірін хат жазып сұрамайсыз: көшіріңіз, банк қосымшаңыздан аударыңыз, «Төледім» түймесін басыңыз. Досыңыз ақша келгенін растайды. Барлық аударым расталған соң топ жабылады.
Шығын жазу, қарызды уақытында қайтару және топтарды соңына дейін жабу XP береді. Белгі атыңыздың қасында тұрады — достарыңыз кімге сенуге болатынын көреді.
Құпиясөз де, тіркелу де жоқ. Ботта «Иә, кіремін» — болды.
Достар топқа сілтеме арқылы немесе QR кодты сканерлеп қосылады.
Кешкі ас, саяжай, туған күн, сапар, спорт — санаттарымен бірге.
Теңге, сом, доллар, рубль, лира және басқалар. Сапар қайда болса да.
Жабылған топтар мен аударымдар сақталады — кез келген уақытта қарай аласыз.
Карта нөмірі шифрланып сақталады және толық күйінде тек сізге қарыз досыңызға ғана көрінеді.
Ешқандай баннер, жазылым немесе жасырын төлем жоқ.
Жоқ. Tengma=Teng тек есептейді және досыңыздың картасын көрсетеді. Ақшаны өз банк қосымшаңыздан аударасыз, сосын «Төледім» түймесін басасыз.
Жоқ, тегін әрі жарнамасыз.
Карта нөмірі серверде шифрланған күйде сақталады. Басқаларға жасырын көрінеді, толық нөмірді тек сізге ақша аударуы керек досыңыз көреді.
Құпиясөз есте сақтап, SMS күтудің қажеті жоқ. Telegram ботында бір рет «Иә, кіремін» дейсіз — сіздің сілтемеңізбен басқа ешкім кіре алмайды.
Қосымшада: профиль → Аккаунт → «Аккаунтты жою». Қосымшасыз: ботқа /delete жіберіңіз. Достарыңыздың топтарындағы сомалар бұзылмас үшін тек жеке деректеріңіз жойылады.
Қосымшаны жүктеп алыңыз, топ ашыңыз және сілтемені достарға жіберіңіз. Бір минут та кетпейді.